Қылмыс

Ақтөбеде қылмыстық топқа қатысы бар Қазақстан чемпионы жауапқа тартылуда

  • ЕРКІН ІЗБАСАР. ФОТО: ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНЕН

    ЕРКІН ІЗБАСАР. ФОТО: ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНЕН

Ақтөбеде елдегі мұнай өнімдерін ұрлап, шетел асырды және кәсіпкерлерді қорқытып, ақша бопсалады деп айыпталған 26 адамнан сотта жауап алынып жатыр деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.


Жауап алу қылмыс әлемінде «Төрт ағайынды» тобымен атын шығарған Еркін Ізбасардан басталды. Сотталушы өзінің жазықсыз екенін айтып, тек мәлімдеме жасады десе болады. Оған ешқандай сұрақ қойылған жоқ. Ал басқа сотталушылардан жауап алу сұрақ-жауап түрінде өтіп жатыр.


Сотталушы Марат Тұржановтан жауап алу кезінде өзін Қазақстан чемпионымын деп таныстырды.


«Мен жарыстарға қатысып Қазақстан чемпионы болдым. 2001 жылға дейін күреспен айналысып жүрдім. Еркін ағамен арамен арадағы байланыс тек спортқа қатысты болды. Ол кісіні 2006 жылдан бастап танимын. Арамызда тек жақсы таныстық қана бар, қылмыстық топтасу болған емес», - дейді Марат Тұржанов.


Жауап алу кезінде тендерге қатысты да даулар айтылды. Сотталушы ауылда бірге өскен танысының кәсіпкерге тендер алуға көмектескенін және одан жасаған жұмысы үшін үш миллион теңге алмақ болғанын да айтты. Айтуынша, мемлекеттік тендерді алған кәсіпкер үлесін бермеген. Осы жағдайдан кейін Тұржанов сотқа кәсіпкерді пистолетпен қалай қорқытқанын айтып берді. Ол пистолетті ойыншыққа қызыққандай қызығушылықпен ұстаған.


«Қару ұстап жүруге ешқандай қажеттілік болған жоқ. Тек қызығушылық, қаруды жақсы көреміз, ойыншықты жақсы көреміз, кейбір машинаны жақсы көреміз сондай бір зат қой. Ұрыс қаруы болса ұстап жүрмес едім. Менікі тек газбен атылатын қоян», - дейді ол.


Мемлекеттік айыпталушы Тұржановтан қылмыс әлеміндегі беделі және «Төрт ағайынды» қылмыстық тобына қандай қатысы барын сұрады.


«Мен спортшымын, қандай бедел? Ешқандай қылмысқа қатысым жоқ. «Төрт ағайынды» туралы мен ештеңе білмеймін. Бұрын ондайды естіген жоқпын», - деді Тұржанов.


Ақтөбедегі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мұнай ұрлығына қатысқан қылмыстық топтан жауап алынып жатыр. 




Көрілген: 620    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.12.2017, 17:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Наурыз, 00:56
    Медиация институты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31