Қылмыс

Ақтөбеде мемлекеттік құпияны жариялады деген күдікпен лауазымды полицей қамауға алынды

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Ұсталған Мәртөк аудандық Ішкі істер бөлімінің бастығы. Лауазымды қызметкердің былығын оның бұрынғы әйелі ашып отыр.


Келіншек үйді жинап жүріп «аса құпия» деген жазуы бар құжаттарды тауып алған. Ол бірден адвокатына хабарласып, бұрынғы жары Евгений Лазаревтің үстінен арыз жазыпты. Ашулы әйел бағалы мәліметтермен бірге жатқан алпысқа жуық автоматтың оғын да тәртіп сақшыларына санап берген. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Арнайы комиссия салақ басшының мемлекетке келтірген шығынын 22 миллион теңге деп отыр. Бұрынғы әйелі ұстап берген Лазаревті енді қазіргі азаматтық некеде тұрған жары қорғаштап әлек. Оның айтуынша, ІІБ басшысына бұрынғы жары күн көрсетпейді екен. Екеуінің жанжалдасып жүргеніне 3 жылға жуықтапты. Айта кетейік, мемлекеттік құпияны әйелінен жасыра алмаған полицейдің зейнетке шығуына жеті жыл қалған екен.


Наталья Горовая, Е. Лазаревтің азаматтық некедегі әйелі:


-Ол құжаттарды 5 жыл өткен соң тауып отыр. Барып өткіздім. Бірақ «құпия» деген жазуды көрген соң ішін ашып оқымадым дейді. Ақылға сыймайтын сандырақ әңгіме. 


ktk.kz




Көрілген: 325    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.01.2018, 09:08

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
28 Наурыз, 00:56
Медиация институты

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30