Қылмыс

Ақтөбеде студенттер бір-бірімен атысты

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Ақтөбеде жаппай төбелес болды. Студенттер бір-біріне пышақ кезеніп, атысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.


Ақтөбедегі атыс кезінде екі студент жараланды. Облыстық жедел жәрдем ауруханасы 14 наурыз кезінде оқ және пышақ жарақатымен түскен екі студентке ота жасады.«Екі студент те аман-есен. Екеуінің де аяғы жараланған. Бірі пышақтан, екіншісі оқтан зақым алған. Оқ жанай өткен. Еті мен тамыры тігілді. Жағдайлары орташа ауыр. Олардың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ», - деді облыстық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Арыстан Рахымжан.


Айта кетейік, қазір осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалды.


«102» нөміріне Әлия Молдағұлова ескерткішінің маңында атыстың естілгені туралы хабарлама түсті. Жедел-жәрдем ауруханасы 1998 жылы туған С.Бәйішев атындағы университеттің студенті, 1998 жылы туған Қ.Жұбанов атындағы униветситет және 1998 жылы туған Байланыс колледжінің студенттері әртүрлі деңгейдегі дене жарақаттарымен келіп түскенін хабарлады.Жедел шаралар нәтижесінде 1996 және1997 жылы туған екі азамат ұсталды. Және осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен тағы үш азаматқа қатысты іздеу шаралары жүргізілуде»,- деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.


 


 




Көрілген: 575    Пікірлер: 0

жұма, 17.03.2017, 17:55

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
28 Наурыз, 00:56
Медиация институты

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30