Қылмыс

Ақтөбелік жігіт бұрынғы әйелінің жаңа ғашығын тонап кеткен

  • © Aktobenews.kz

    © Aktobenews.kz

Ақтөбе қаласының 22 жастағы тұрғыны азаматтық некеде болған әйелінің үйіне барып, оның екінші күйеуімен танысады. Кейін оның қолындағы ұялы телефонды тартып алды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.


Ақтөбе қалалық №2 сотында айыпталушы Е.Жаңабектің (есімі өзгертілді — ред.) ісі қаралды. 22 жастағы қала тұрғыны Қылмыстық кодекстің «Тонау» бабымен айыпталды. Іс материалына сүйенсек, айыпталушы 4 жыл бұрын сотталып, кейін рақымшылыққа іліккен. Қайта қылмыс жасаған кезде оған «күзетпен» ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.


Ол өткен жылдың соңында азаматтық некеде болған әйелдің үйіне барды. Сол кезде айыпталушы бұрынғы әйелімен бірге тұратын өзге еркекпен танысты. Ол бірден жаңа танысының қолында болған «Samsung G-2 Prime» маркалы ұялы телефонды байқап қалған.


Келесі күні түнде сол үйге қайта барып, әлгі ер адамнан ұялы телефонымен далаға шығуын сұрайды. Кездескен кезде айыпталушы бұрынғы әйелімен бірге тұрып жатқан ер адамның ісі дұрыс емес деп айтып, есебіне телефонды беруін талап етеді. Бірақ екеуі келіспей, төбелеседі.


Жанына сыбайласын ертіп жүрген айыпталушы телефон мен 1 мың теңге ақшаны алып кетеді.


Сот отырысы кезінде айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, тартып алған телефонды орталық базарға апарып, 20 мың теңгеге сатып жібергенін айтты.


№2 қалалық сотының судьясы Перизат Атыбаева 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, айыпталушы жәбірленуші А.Акуовқа 46 500 теңге материалдық шығынды өтеуі тиіс.




Көрілген: 455    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.04.2018, 20:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31