Қылмыс

Ақтөбелік кәсіпкерді айуандықпен өлтірген қылмыскер ақыры табылмаған

  • Ерхан Тілеуімбетов. Фото: aktobenews.kz

    Ерхан Тілеуімбетов. Фото: aktobenews.kz

Ақтөбеде бір жыл бұрын айуандықпен өлтірілген кәсіпкер Ерхан Тілеуімбетовтің анасы қылмыскер табылмағандықтан қылмыстық іс жабылғанын жеткізді. Бұл туралы Райхан Есенамановаға полиция қызметкерлері мәлімдеген деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.


Әйел адамның сөзінше, ұлының өліміне қатысты қылмыстық істің тоқтатылғаны туралы сот шешімін ол 30 қазан күні алған.


Ресми құжаттарда қылмыс жасаған күдікті адам табылмағандықтан іс жабылатыны айтылады.


«Ақтөбеде «Toyota Land Cruiser 200» автокөлігінің иесін таба алмағандары, оны базарда көрген адамдардың сөздері бойынша фоторобот құрастырмағандары күдік тудырады. Сол үшінде де Бас прокурордың қабылдауына жазылып, онымен кездесуді жөн көріп отырмын", - дейді Райхан апай.


Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылдың үшінші тамызында Ақтөбедегі базарлардың бірінде 32 жастағы жігітті қарбыз сатып тұрған жерінен біреулер джипке мінгізіп алып кеткені туралы хабарлаған болатынбыз. 




Көрілген: 196    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.11.2018, 09:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30