Қылмыс

Ақтөбелік келіншек төсектес болуды ұсынған ер адамды буындырып өлтірді

  • © FN24

    © FN24

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жантүршігерлік оқиғаға қатысты сот отырысы қаралды. Келіншек бірге болуға ұсыныс жасаған танысын шынтағымен буындырып өлтірген деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ  тілшісі.


Белгілі болғандай әйел мен ер адам таныстарының үйіне қонаққа келіп, ішімдік ішкен. Сол кеште әйел ер адамнан бірге болу ұсынысын алады. Бұл ұсынысқа қатты намыстанған әйел оны шынтағымен буындырып өлтірген.


Айқай шыққан үйдің иесі мен келіншек өлікті сарайға апарып жертөлеге жасырады. Таныстар одан кейін бірігіп тағы ішімдік ішіп, ол жайында естеріне де алмайды.


Ертесіне қонаққа келген келіншек ізін суытады. Кісі өлімі туралы ешкім білмегенімен үй иелеріне өліктің әруағы маза бермейді.


«Үй иелері 2-3 күн өткеннен кейін өлікті үйдің ауласына жер қазып көміп тастайды. Олар ештеңе болмағандай өмір сүре берген. Жаназасыз көмілген өлік түнде түстеріне кіріп маза бермеген соң үй иесі ол туралы полицияға хабарлайды. Күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалады. Сотта берген жауаптарында күдікті және оның қасындағылар қылмысты мойындарына алып, өкінетіндіктерін айтып қынжылды", - дейді Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы Анаргүл Қоханова.


Сот күдікті әйелді адам өлтіру бабымен 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ. 




Көрілген: 631    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 21.04.2017, 14:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30