Қылмыс

Алимент төлемегенім үшін көлігімнен айырылуым мүмкін бе?

  • Алимент төлемегенім үшін көлігімнен айырылуым мүмкін бе?

    Алимент төлемегенім үшін көлігімнен айырылуым мүмкін бе?

Ажырасқаныма екі жыл болды. Алғашқы кезде екі балама белгіленген алиментті уақытында төледім. Соңғы алты айда жұмыссыз қалғандықтан қарызым жиналып қалды. Бұл үшін жалғыз табыс көзім болып отырған көлігімді алып қоюы мүмкін бе?

Жомарт ЫҚЫЛАСҰЛЫ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ


Ажырасудан балалар көп зардап шегеді. Бауыр еті – баласына тиесілі нәпақаны бергісі келмеген азаматтардың жұмыс орнын жасырып, мекенжайын көрсетпей, қашып жүруіне көзіміз үйреніп барады. Бұл үлкен қасірет. Ең сорақысы, жоғары айыппұл да, қатаң жаза да берешегі бар әкелерге ой салуға қауқарсыз болып тұр.


Мәселен, хат жолдаған азамат та алты ай бойы екі баласының қаражатсыз қалғанына емес, көлігінің тәркіленетініне

уайымдап отыр. Оған көлік керек болса, балаларға тамақ керек. Және ол өз қаны, өз баласы. Ендеше, сот орындаушыны жаманатты жасаудан бұрын, мен әкелік міндетімді неге дұрыс атқармай отырмын дегенді көбірек ойлауы керек. Қазір қайтарылмаған алимент қарызы миллиондап саналады. Соның барлығының артында бейкүнә сәбилер тұр. Заңның қатаңдатылып, айыппұлдың өсуіне де осы жағдай себеп. Әрине, берешегін беруді ұмытқандарға бірден қатаң жаза тағайындалмайды. Алдымен ескерту жасалады, сосын міндеттеледі. Қарызы жиналғандардың шетелге шығуына тыйым салынып, басындағы мүлкі тәркіленеді. Сондай­ақ, айыппұлын ерікті түрде төлемеген құқық бұзушыларға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 669­бабы бойынша әкімшілік өндіріс қозғалады. Сот үкімін, сот шешімін немесе орындау құжатын елемегені және орындамағаны үшін азаматтар бес тәулікке дейінгі уақытқа қамауға алынады. Ал, Қылмыстық кодекстің 430­бабына сәйкес, борышкердің заңды күшіне енген үкімді, сот шешімін немесе басқа сот актісін немесе орындау құжатын алты айдан артық уақыт бойы орындамауы үштен бес жылға дейінгі уақытқа бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға алып келеді. Баласына берешегі 10 мың АЕК­тен асып кеткен алимент төлеушілер 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 


Алаш айнасы




Көрілген: 327    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 06.11.2017, 18:51

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
3 Қараша, 19:11
Тінту тәртібі қандай?

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30