Қылмыс

Алимент үшін өсімақы өндіріле ме?

  • Алимент үшін өсімақы өндіріле ме?

    Алимент үшін өсімақы өндіріле ме?

Тұрмыс құрғаннан кейін бір жылдан соң ажырасып кеткенбіз. заңды некеден баламыз бар. Сот арқылы ажырасқанда күйеуімнен алимент өндіру туралы да шешім шығарылды. Дегенмен, ол баланың нәпақасын бірден төлей қоймады. Бұл жөнінен қарызы жиналып қалып, сот орындаушысы 100 мың теңге көлеміндегі алты айдың алиментін бірден өндіріп берді. енді оның өсімақысы бола ма, болмай ма? Соны білгім келеді.

Жауап:

«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» заңның 99-бабында көзделгеніндей, алимент төлемдерін жалақыдан немесе өзге де табыстардан үш ай бойы өндіріп алу мүмкін болмаған жағдайда сот орындаушысы атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету (мүлкіне тоқтам салу) шараларын қолданады және егер заңға сәйкес өндіріп алуға болмайтын мүлік болмаса, борышкердің мүлкіне қол салып, өндіріп ала бастайды. Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етудің қолданылған шаралары берешек өтелген кезде ғана тоқтатылады. Алименттік берешек мөлшерiн сот орындаушысы өндiрiп алушының таңдауы бойынша борышкердiң өндiрiп алу жүргiзiлмеген уақыт iшiнде не оның берешегi айқындалған кезде алған нақты жалақысын (табысын) негiзге ала отырып шешiм орындалатын жерде белгiлейдi. егер борышкер бұл кезеңде жұмыс icтeмeген немесе ол жалақысын және өзге де табысын растайтын құжаттар ұсынбаған жағдайда, берешегі оны өндiрiп алу кезiндегі республикалық орташа айлық жалақының негізінде айқындалады. Алименттік берешек оны төлеуден жалтару салдарынан құралған жағдайда заң осыған үстемелеп Азаматтық кодекстiң 353-бабына сәйкес, тұрақсыздық айыпақы өндіруге де мүмкіншілік жасайды. Аталған бапқа зер салсақ, тұрақсыздық айыпақысының мөлшерi ақша мiндеттемесiн немесе оның тиiстi бөлiгiн орындаған күнгi Ұлттық банк белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасы негiзiнде есептеледi. борышты сот тәртiбiмен өндiрiп алу кезiнде сот өндіріп алушының таңдауы бойынша Ұлттық банктiң қуыным жасалған немесе шешiм шығарылған, немесе iс жүзiнде төленген күнгi қайта қаржыландырудың ресми ставкасын негiзге ала отырып осы талапты қанағаттандыра алады. Егер заңдарда немесе шартта оны есептеудiң өзге тәртiбi белгiленбесе, айыпақы өндіріп алушыға төленген күнге дейiн өндiрiлiп алынады. егер борышкердің алимент төлеуден жалтаруынан келтiрiлген залал оған тиесiлi айыпақыдан асып кетсе, ол залалдың осыдан асатын бөлiгінде де өтелуін талап етуге құқылы. Сот орындаушысы борышкерден әдетте ай сайынғы алимент сомасының төленбей жиналып қалған мөлшерін және атқарушылық іс-әрекеттер жасау кезінде келтірілген шығыстарды (егер әрекетті жеке сот орындаушысы атқарса, өзінің қызмет ақысының сомасын) ғана өндіреді. Ал, төлеуден жалтару салдарынан құралған берешек сомасына тұрақсыздық айыпақы өндірілуі үшін сотқа осы туралы жаңадан талап арыз түсіруіңіз және негізгі алименттен басқа шешім шығарылуы қажет. 


Алаш айнасы 




Көрілген: 252    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 10.11.2017, 19:52

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
3 Қараша, 19:11
Тінту тәртібі қандай?

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30