Қылмыс

Алматы облысында 72 жастағы зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды

  • © Baq.kz

    © Baq.kz

Алматы облысында із-түссіз жоғалған зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасалғаны анықталды. Қылмысқа қатысы бар азаматтар табылып, қамауға алынған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


Бұл дерек Қарасай ауданында тіркелді. 2 қыркүйек күні жергілікті полицияға 72 жастағы Іргелі ауылының тұрғынын іздеуге ықпал ету туралы өтініш түседі. Жоғалған азамат кейінірек Алматы ауруханаларының бірінен табылды. Оны жедел жәрдем қызметі жеткізіпті. Анықталғанындай, біреулер зейнеткерді соққыға жыққан, содан ол қазір ауыр халде жатыр.


«Егде тартқан ер адам ірі базарлардың маңында жоғалғаны белгілі болды. Оның қалтасындағы қаржы мен ұялы телефоны ұрланған. Жедел-іздестіру шаралары барысында зардап шегушінің жүруі ықтимал бағыты жасалып, сол маңдағы бейнекамералар толық қаралды. Жұмыс нәтижесінде Қарасай АІІБ қызметкерлері зейнеткерді соққыға жығуы мүмкін деген күдікпен 1974 және 1992 жылғы жергілікті екі тұрғынды ұстады. Олар қамаққа алынды»,- деп хабарлайды Алматы облысы ІІД Баспасөз қызметі.


Тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-тармағы «Қарақшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Қарақшылар соққыға жыққан зейнеткер әлі күнге медицина қызметкерлерінің бақылауында.




 




Көрілген: 205    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.09.2018, 21:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31