Қылмыс

Алматы облысында иесін өлтіріп, көлігін алып кеткен ер адам ұсталды

  • © Тұрар Қазанғапов

    © Тұрар Қазанғапов

Алматы облысының полицейлері ірі көлік базарының бірінде иесін өлтіріп, көлігін алып кеткен күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ведомствоның мәліметінше, күдікті Toyota маркалы көлігін сатуға келген ер адамды "ақшаны үйде беремін" деген желеумен алдап, көлікке нотариалды құжат жасатқан. Көлік базарынан шыққанда елсіз жерде көлік иесін өлтіріп, мәйітін жол-жөнекей жарға көміп кеткен.


"Түркістан облысының тұрғынын өлтіріп, көлігін алып кеткен бұған дейін сотты болған 36 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл іс облыстық тергеу басқармасының өндірісінде",- деп атап өтті облыстық полиция өкілдері.


Айта кетейік, ұрланған көлік күдіктінің үйінен табылып, тәркіленді және іс материалдарына айғақзат ретінде тіркелді.


 




Көрілген: 161    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.12.2018, 17:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31