Қылмыс

Алматы облысында машинасын сатуға келген адамды өлтіріп, көлігін айдап кетті

  • Алматы облысында машинасын сатуға келген адамды өлтіріп, көлігін айдап кетті

    Алматы облысында машинасын сатуға келген адамды өлтіріп, көлігін айдап кетті

Алматы облысының полицейлері ірі көлік базарының бірінде көлік сатуға келген адамды өлтіріп, көлігін алып кеткен күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің  хабарлауынша, күдікті «Тойота» маркалы көлігін сатуға келген 26 жасар азаматты «ақшаны үйде беремін» деген желеумен алдап, көлікке нотариалды құжат жасатқан. Артынша көлік иесін өлтіріп, мәйітін жол-жөнекей көміп кеткен. «Түркістан облысының тұрғынын өлтіріп, көлігін алып кеткен күдікті бұған дейін де сотталған. Қазір 36 жастағы облыс тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл іс облыстық тергеу басқармасының өндірісінде», - деп атап өтті облыстық полиция өкілдері. Айта кетейік, қолды болған көлік күдіктінің үйінен табылып, тәркіленді және іс материалдарына айғақзат ретінде тіркелді.




www.inform.kz




Көрілген: 134    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.12.2018, 20:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31