Қылмыс

Алматы облысында мүгедектікке шығару үшін пара алған бөлім басшысына үкім шықты

  • © Рен ТВ

    © Рен ТВ

Алматы облысында Сарқан аудандық соты К есімді азаматтың қылмыстық ісін қарап, оған үкім шығарды.


Ол өзінің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы қызметін пайдалана отырып, сыбайлас жемқорлыққа жол берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


2016 жылы 17-ші мамырда Д есімді азаматқа 3-ші топтағы мүгедектік бір жылға тағайындалып берілген. Мүгедектікті ары қарай созу мақсатында құжат рәсімдеуге келген кембағал жаннан бөлім басшысы пара талап еткен. Пара беру кезінде азамат сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мамандарымен ұсталды.


Күдікті кінәлі деп табылып, сот үкімімен оған 1 250 000 теңге айыппұл салынды. Бұл оның алған парасының 50 есе көрсеткіші.


Сондай-ақ пара алған азаматтың мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айрылды.


 




Көрілген: 365    Пікірлер: 0

жұма, 22.12.2017, 16:05

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
28 Наурыз, 00:56
Медиация институты

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30