Қылмыс

Алматы облысында ұлы туған әкесінің басын ет тартқышпен жарды

  • Алматы облысында ұлы туған әкесінің басын ет тартқышпен жарды

    Алматы облысында ұлы туған әкесінің басын ет тартқышпен жарды

лматы облысында 23 жастағы азамат туған әкесінің бас сүйегін сындырды деген күдікке ілінді. Оқиға 11 қаңтар күні Кербұлақ ауданындағы Қоғалы ауылында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Қазір зардап шеккен 46 жастағы азамат аудандық ауруханада жатыр. Анықталғандай, әкесі мен баласы сөзге келіспей қалған, сол кезде ұлы отағасының басынан ет тартқышпен ұрған. Ас үйдің заты іске айғақ ретінде тіркелді.


«Осы факті бойынша күдіктінің үстінен ҚР ҚК 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша іс қозғалды. Тергеумен Кербұлақ аудандық ІІБ-нің тәртіп сақшылары айналысуда. Күдікті қамауға алынды», - деп мәлім етті облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.


Полицейлердің мәліметінше, 23 жастағы азамат бұған дейін де бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған екен.




Көрілген: 351    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 12.01.2018, 23:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31