Қылмыс

Алматы облысының тұрғыны ұлымның іш киімін шешкізді деп тәрбиешілерге кінә тақты

  • Алматы облысының тұрғыны ұлымның іш киімін шешкізді деп тәрбиешілерге кінә тақты

    Алматы облысының тұрғыны ұлымның іш киімін шешкізді деп тәрбиешілерге кінә тақты

Алматы облысының тұрғыны ұлымның іш киімін шешкізді деп тәрбиешілерге кінә тақты. Алматы облысындағы Шелек ауылының тұрғыны Сәния Рахматуллина жергілікті балабақша тәрбиешілерін 4 жасар ұлыма зәбір көрсетті деп айыптауда. Мүгедек келіншектің айтуынша, олар ұлының іш киімін шешкізіп, өзге балалар алдында масқара еткен, - деп хабарлады КТК арнасы.


Сәния Рахматуллина, Шелек ауылының тұрғыны: - Ол ұлымның іш киімін топтағы балалардың көзінше шешкен. Ұлым шыдамай кетіп қалайын десе, айғайлаған. Енді 4 жастағы Милатым тіпті үйде де шешінуге қорқады. Балабақшаға бармаймын деп азар да безер болады.


Ал мұны теріске шығарған балабақша басшылығы, керісінше, келіншектің өзі бізге күн бермейтінін айтып, оны сотқа бергелі жатыр екен. Үш жылдан бері сол Сәниядан мезі болдық дейді. Айтуларынша, ол балалардың алдында ән шырқаймын деп тәрбиешілерді ығыр етіпті. Онысынан түк шықпаған соң, ғимарат қабырғасына сурет салуға құлшынған. Күн сайын келіп, тәрбиешілермен қырылатын Сәния Рахматтулинаның үстінен ұжымдағылар арыз жазапты.


Кәмшат Қарақұлова, балабақша меңгерушісі: - Мен аудандық білім бөліміне хат жібергем. Ол ата-ана ойына келгенді істеп жатыр. Ертең ол баласына қастық жасап, бізге жала жабады деп мен осылай жасағанмын.


 




Көрілген: 372    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.08.2018, 15:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31