Қылмыс

Алматы орталығында өлтірілген бизнесменнің жесірі прокуратураға арыз жазды

  • Отбасы мұрағатынан алынған сурет

    Отбасы мұрағатынан алынған сурет

Алматы орталығында өлтірілген Бек Турекеевтің әйелі Ләззат Нұрымова Алматы прокуратурасына өтініш жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ләззат Нұрымова қылмыстық істі ауыр бапқа ауыстыруды талап етіп отыр. Сондай-ақ, ол осы төбелеске қатысқан басқа да адамдардың жауапкершілікке тартылуын сұрайды.


Осыған дейін Алматы қалалық ІІД екі жігітке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") сотқа дейінгі тергеудің басталғанын хабарлаған болатын.


"Қылмыстық істі ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігінен ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3,7,9 бөлітеріне ауыстыруын сұраймын. Яғни, "кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан" қылмысқа өзгертуін сұраймын. Сондай-ақ, осы төбелеске қатысты басқа да адамдардың (екі жігіт пен бір қыз)жауапкершілікке тартылуын талап етемін", - делінген Нұрымованың прокуратураға жазған хатында.


Сонымен қатар, әйел осы жағдайдың куәгері болып, жарияланымдардан кейін хабарласқан барлық куәгерге алғыс айтады.


"Бұл маған үлкен қолдау көрсетеді. Көп рақмет. Алматыда осындай бей-жай қарамайтын адамдардың көп екенін білмеппін. Бұл маған менің дұрыс жасап жатқаныма сенімділік береді. Маған кінәлі емес адамдардың жазаланғаны керек емес. Бірақ мен күйеуімді өлтіргендердің лайықты жаза алғанын қалаймын", - деді Ләззат Нұрымова.


20 қарашада "Достық Плаза" сауда орталығының маңында бір топ адамның ер адамы ұрып-соғып жатқанын көргендерден мына нөмір бойынша 8 701 916 99 98 хабарласуын сұрайды.


Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы орталығында караоке-бардың иесін белгісіз біреулердің өлтіріп кеткені хабарланған болатын.


"Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Л. және Н. есімді екі ер адам ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды, жасаған қылмыстарын мойындап жатыр", - деп хабарлаған еді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

 




Көрілген: 197    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 06.12.2017, 17:53

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
желтоқсан
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31