Қылмыс

Алматыда 11 адамнан құрылған қылмыстық топ ұсталды

  • Алматыда 11 адамнан құрылған қылмыстық топ ұсталды

    Алматыда 11 адамнан құрылған қылмыстық топ ұсталды

Оның 10-ы ер адам, 1-еуі әйел адам. Олар элиталық көліктерді ұрлауды кәсіпке айналдырған, деп хабарлайды patrul.kz.


Айта кететіні, аталмыш қылмыстық топтың барлық мүшелері қылмыстарын алдын ала мұқият жоспарлап, өте тыңғылықты әрекет еткен. Қаскөйлер тек қымбат жол талғамайтын көліктерге көз тіккен. Автокөлік қылмыстарын ашу бөлімінің қызметкерлері жүргізген кешенді жедел іздестіру және арнайы іс-шаралар нәтижелері көрсеткендей, қылмыстық жолмен табылған көлікті олар алдын ала жалға алынған гараждарға жасырған. Кейбір болжамдар бойынша, ары қарай қылмыскерлер автокөліктердің тораптары мен агрегаттарының деректерін өшіріп, оларды сатып отырған.


«Олардың әрқайсысының атқаратын міндеттері болған. «Штаттарының» құрамында ұйымдастырушы, ол есепші және ақшалай қаражатты бөлу міндетін де атқарған, орындаушылар және олардың көмекшілері, міндеттеріне айдап әкетуге қолайлы автокөлікті іздеп табумен айналысатын бақылаушылар, сондай-ақ ұрланған көлік тұрған гаражды күзететін қарауыл мен өткізушілер болған.


Айтқандай, ұрланған автокөліктердің біріне сатып алушы да тез табылған. Ол машинаың ұрланған екенін біле тұра, оны 13 мың долларға сатып алып, оңаша жерге тығып қойған»,- деп мәлімдеді осы топ мүшелерінің қылмыстық кәсібінің мән-жайы туралы Алматы қаласының ІІД Криминалды полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Жанболат Зиадин.


Күдіктілер мен сатып алушы қазір ІІД-нің уақытша қамау изоляторына қамалды. Қазір олардың басқа да осы іспеттес оқиғаларға қатыстылығы тексерілуде.


Сондай-ақ криминалдық полициядағылардың айтуынша, бөлімше қызметкерлерімен осы қылмыстық топтың екі мүшесі өткен жылы осындай қылмыстары үшін қолға түсіп, сот үкімімен олар шарты түрде бес жылға сотталған болатын.




Көрілген: 666    Пікірлер: 0

жексенбі, 22.10.2017, 15:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30