Қылмыс

Алматыда 114 банк картасынан ақша ұрлаған алаяқ ұсталды

  • © NUR.KZ

    © NUR.KZ

Қылмысқа әбден дайындалған күдікті банкоматтан ақша шешіп алу үшін банк карталарын қолдан жасап келген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


Алматы қаласы ІІД тартқан мәлімет бойынша, К. есімді Алматы облысының тумасы қылмысқа жан-жақты дайындалып, тіптен Қытайдан пластик және ұсақ бұйымдарды жасайтын техникалық жабдық сатып алған.


«Алаяқ карточкалар тек жасап қана қоймаған, ашық дерек көздерінен әлеуеті жоғары адамдардың жеке деректерін біліп картаға енгізіп отырған. Одан кейін еш саспастан азаматтардың шотынан ақшаны шешіп ала берген. Ол білініп қалмас үшін аз ақша шешіп алып отырған, мәселен әр шоттан 10 мың теңгеден алған. 35 жастағы күдіктіден 114 жасанды карта алынған. Қазір ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - дейді Медеу аудандық ІІБ бастығы, полиция полковнигі Болат Тотыбаев.


Алматы ІІД-нің уақытша қамау изоляторында отырған күдікті өз кінәсін толықтай мойындаған.


 





Көрілген: 361    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.09.2018, 14:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31