Қылмыс

Алматыда 50 қызды алдап кеткен жігіт ұсталды

  • © Baq.kz

    © Baq.kz

Алматыда алаяқтық, қарақшылық шабуыл, жол апатын жасау (салдарынан адам өліміне әкеліп соққан) секілді бірнеше қылмыс жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


34 жастағы күдікті Алматы қаласында туған, алаяқтық бойынша сотталып шыққан. Ол былтырдан бері іздеуде жүріпті.


«Оның құрбаны көбінесе жас қыздар болған. Олармен танысып, көңілін аулаған. Сеніміне кіргеннен кейін, кездесудің бірінде бір жерге шұғыл барып келу керек екенін сылтау етіп, қыздың көлігін сұрап, мініп кетіп отырған. Содан қайтып оралмайтын болған. Не жігіт жоқ, не көлік жоқ. Алматы қаласы бойынша осындай 50 оқиға тіркелген», - деп хабарлайды Алматы қаласы ІІД криминалды полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин.


Криминалды полицияның хабарлауынша, ұсталған күдікті Түркия азаматына қарақшылық шабуыл жасап, 5 мың доллар ақшасын алып кеткені білгілі болды. Бұдан басқа тағы бір іске қатысы бары анықталды. Осы жылы мамыр айында ол 19 жастағы қызды қағып кеткен. Қыз қайтыс болған. Күдікті оқиға орнынан қашып кетіпті.


«Күдікті ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тағылған айыптар бойынша өзінің кінәсін мойындап отыр. Ұсталған күдіктінің заңсыз әрекеттерінің құрбаны болған барша азаматтан аумақ бойынша ІІД-ге хабарласуын сұраймыз», - деді Жанболат Зиадин. 




Көрілген: 787    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 13.10.2017, 16:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қараша, 19:11
    Тінту тәртібі қандай?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30