Қылмыс

Алматыда адамдарды жиһадқа шақырған топ полицейлер мен шенеуіктерге шабуыл жасауды жоспарлаған

  • Алматыда адамдарды жиһадқа шақырған топ полицейлер мен шенеуіктерге шабуыл жасауды жоспарлаған

    Алматыда адамдарды жиһадқа шақырған топ полицейлер мен шенеуіктерге шабуыл жасауды жоспарлаған

Алматы қаласының Ішкі істер басқармасы бертінде қолға түскен күдіктілердің жүзеге асырмақ болған жоспарымен бөлісті. Сонымен қатар, жымысқы әрекеттері туралы талқылаған әңгімелері жарияланды, - деп хабарлайды КТК арнасы.


Тергеу мәліметінше, бірлікті бүлікке, тірлікті түнекке айналдыруды көздегендер өз жоспарларын әр үтір, нүктесіне дейін пысықтаған. Құдды фильмдегідей бастан бақайшаққа дейін мұздай қаруланып құзырлы орган мен мемлекеттік құрылым өкілдеріне шабуыл жасауды ойға алған.


Ал, шабуылға қажет қаруға қаржы табу үшін ең алдымен кәсіпкерлерді қыспаққа алып, бопсалауды көздеген. Тек содан кейін Қырғызстанға барып, қару-жарақтың түр-түрін сатып алуды жоспарлапты. Алда-жалда астыртын әрекеттері әшкере болса кінәні мойынға қиналмай ала салатын адамдарын да дайыдап қойған екен.


Салтанат Әзірбек Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:


-Сот алды тергеу жұмыстарын жүргізу барысында бұл азаматтардың қылмыстық әрекеттерге бел буғанына біз көзімізді жеткіздік. Ол процессуалды түрде дәлелденген деректер. Яғни, бұл азаматтар бірінші кезекте мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қоқан лоқы әрекеттерді ұйымдастырмақшы болған.


Құзырлы орган қызметкерлері күдіктілерді біраз уақыт сырттай бақылады. Тіпті олардың дайындығына дейін жасырын камераға түсіріп, дауыстарын жазып отырды. Әңгіме ауандарына қараса, олар өліспей беріспеуге бекінген.


Яғни, Жұмағұлов, Өміров, Әбішев билікті өзгертуді көксеген. Олар Алматы, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының тумалары. Жас шамалары 40 пен 50 дің арасында. Құқық қорғау органдары өздері секілділерді қудалауды тоқтатпаса жаппай жиһад жариялауға да бел буған.


Олар қылмыстық кодекстің 256 бабы, яғни терроризмді насихаттау бойынша айыпталып жатыр. 29 қарашадағы соттың шешімімен 2 айға тергшеу абақтысына жабылды. Қазіргі уақытта полицейлер қолда бар дерек пен дәйекті таразыға салып, олардың жақтастары бар-жоғын анықтап жатыр.


 




Көрілген: 875    Пікірлер: 0

жұма, 08.12.2017, 21:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31