Қылмыс

Алматыда арықтан табылған 26 жастағы келіншекті күйеуі өлтірген

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматыда арықтан табылған 26 жастағы әйел өз күйеуінің қолынан көз жұмған. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қара жамылған отбасының достары хабарлады.


«Бұл келіншек сол жердегі үйлердің бірінде қарт кісілерді бағатын. Оны күйеуі өлтірді. Бір күн бұрын. Жұмыс істейтін орнын біліп алып, сол адреске барып шақырған. Шыққан кезде өлтіріп тастаған. Әйелді біреулер зорламақ болды деген ой қалыптастырғысы келіп, шешіндіріп кеткен. Анасының айтуынша, қызының тәні көк-ала қойдай екен. Сау тамтығы қалмаған. Әйелді жұмысқа алған адамдардан естігеніміздей, соққыдан әйелдің бір құлағы жыртылып кеткен»,- деді отбасының танысы Валентина Соболева.


Оның айтуынша, әйелдің 6 жастағы ұлы жетім қалды.


«Олар соңғы жылдары ажырасып кеткен. Бірге тұрмайтын. Күйеуі әйелінің артық қылығы болмаса да, қатты қызғанатын. Және баланы алып кетем деп қорқытатын. Марқұм келіншек отбасын асырау үшін қандай жұмыс болсын істеуге тырысатын», - деді ол.


Соңғы жылдары қайтыс болған келіншек анасымен Айгерім шағын ауданындағы жеке үйлердің бірінде пәтер жалдап тұрып келген. Полиция ауладағы камералар арқылы күдіктіні ізін суытпай ұстаған. Ер адам өз кінәсін бірден мойнына алды. Кісі қолынан көз жұмған келіншекті кеше Қаскелеңдегі туысқандары жер қойнына тапсырды.


Қалалық полиция аталған қылмысқа қатысты тергеу құпиясын сақтау мақсатында жақ ашпай отыр.


Айта кету керек, 9 шілде күні әл-Фараби көшесіндегі арықтардың бірінен жас әйелдің денесі табылған болатын.


 




Көрілген: 1664    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.07.2018, 17:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30