Қылмыс

Алматыда экс-полицей жұмыстан босаған күннің ертесіне қыз зорлаған

  • © Sputnik / Табылды Кадырбеков

    © Sputnik / Табылды Кадырбеков

Алматылық бұрынғы полицей қыз зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлады Facebook-те зардап шегушінің адвокаты Айман Омарова.


"Алматы қаласы Түркісіб ауданының жол полициясы қызметкері ішімдік ішіп алып, менің қорғауымдағы қызды бірнеше рет айуандықпен зорлаған. Мұның бәрі Алматы облысында болған (алдын ала болжам бойынша Еңбекшіқазақ немесе Талғар ауданында). Екі рет зорлап, тұншықтырып, ұрып-соққан. Зардап шегуші әрең құтылып шығып, үйіне келген соң Алматы қаласы Әуезов ауданының ІІБ полиция бөліміне шағымданған", — деп жазды Омарова.


Ол полицей қылмыс жасаған уақытта құқық қорғау органдарында қызметте болуы мүмкіндігін алға тартып, "экс" деген сөзді қолданбаған. Адвокат басқа посттарының бірінде ер адамды "артқы күнмен" жұмыстан босатуы мүмкін деген күдік келтіреді.


Сонымен қатар, адвокат тергеу барысында құқық бұзушылыққа жол берілгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, полиция қызметкерінің автокөлігі тексерілмеген. Әуезов ауданы полиция бөлімінің тергеушісі "полицей көлікті тексеруге бермей қойды" дейтін көрінеді. Сондай-ақ қылмыс жасады деген күдікті пост жазылған сәтте – 3 қарашаның кешінде бостандықта жүрген.


Айман Омароваға Facebook-те бас прокурордың аға көмекшісі Думан Қожахметов жауап берді. Оның сөзіне қарағанда, тергеу барысын Алматы қаласы прокуратурасының басшылығы бақылауға алған.


Қожахметов зардап шегушінің арызы бойынша іс ҚР ҚК 121-бабының 1- бөлімі (Нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану) бойынша тіркеліп, күдікті анықталғанын хабарлады. Сондай-ақ ол қыз бен күдіктіден жауап алынып, екеуі беттестірілгенін, қажетті сараптамалар тағайындалғанын айтты.


Қолда бар ақпарат бойынша, ер адам қылмысты құқық қорғау органдарынан жұмыстан кеткен күннің ертесіне жасаған болуы мүмкін.


"Біз күдікті құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкері екенін анықтадық, бірақ ол таяуда ғана жұмыстан кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, 2017 жылдың 28 қазанында қызметінен босатылған. Ал қылмыс 29 қазан күні жасалды. Қала прокуратурасы Алматы ішкі істер департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасына жұмыстан шығу фактісін тексеруді тапсырды", — деп жазды Қожахметов.


Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау абақтысында отыр.


Sputnik




 




Көрілген: 340    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 06.11.2017, 19:51

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
3 Қараша, 19:11
Тінту тәртібі қандай?

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30