Қылмыс

Алматыда элиталы автокөліктерді ұрлауме айналысқан қылмыстық топ құрықталды

  • © Sputnik / Владимир Песня

    © Sputnik / Владимир Песня

Алматы полицейлері элиталы жол талғамайтын көліктерді ұрлаған қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды қалалық ІІД. Қылмыстық топтың құрамында 11 адам, оның ішінде бір әйел адам болған.


"Аталған қылмыстық топтың мүшелері өте мұқият әрекет етіп жүрген. Барлықжасалған қылмыстары алдын-ала жоспарланып отырған. Қаскөйлер тек қана қымбат бағалы жол талғамайтын көліктерді ұрлаған. Қыркүйек айында олар, 200-моделді "Тойота Лэнд Крузер" маркалы екі автокөлікті қолды қылған. Екі жағдайда да олар түнде әрекет еткен. Автокөліктерді апаттық қосылғыштың көмегімен ашып, ұрлаған", — деді Алматы қаласы криминалды полиция қызметінің басшысы Жанболат Зиадин.


Қылмыскерлер ұрланған автокөліктерді алдын ала жалға алынған гараждарға жасырған. Негізгі ойлары автокөлік құрал-саймандарындағы белгілерді өзгертіп, сатылымға шығару болған.


Криминалды полиция тарапынан берілген мәліметке сәйкес, бұл қылмыстық топтың бір мүшесі былтырғы жылы ұсталып, 5 жыл шартты мерзімге сотталған болатын.




 




Көрілген: 302    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 12.10.2017, 15:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31