Қылмыс

Алматыда жалған ақша шығаратын цех табылды

  • © Today.kz

    © Today.kz

Алматыда номиналы 2000 теңге жалған теңге шығарумен айналысқан цех табылды.


Алматы мемлекеттік кірістер департаменті брифингінде хабарланғандай, экономикалық тергеу қызметкерлері Айгерім-2 шағын ауданы учаскелерінің бірінде жалған банкноттар шығаратын цех, құрылғылар (ноутбуктер, принтерлер, фольга), голограммасы бар, номиналы 2000 теңге жалған купюра эскиздері тапқан.


Тінту барысында ер адамның танысымен бірігіп, жалған ақша жасаумен астыртын айналысқаны белгілі болды.


"Жалған ақшалай қаражатты жасаумен екі азаматтың айналысқанын ескере отырып, аталған дерек ҚР ҚК 231 бабы, 2 бөлігі, 1 пункті бойынша қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеулердің Бірыңғай реестріне тіркелді", — деді МКД.


Цехтен купюра эскиздері салынған 58 дана А4 парағы табылған.


Сотқа дейінгі тергеу амалдарының нәтижесінде үкім шығарылып, соған сәйкес ұйымдастырушы бес жыл жеті айға бас бостандығынан айырылып, ал оның сыбайласы 5 жылға шартты түрде сотталды.


Sputnik




 




Көрілген: 237    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 12.12.2017, 15:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31