Қылмыс

Алматыда жеке мәліметтерді тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Азаматтар жайлы ақпараттарды жасырын алып жүргендердің мәселесімен енді бірнеше құзырлы мекеме айналыспақ.


Атап айтқанда, бұл істі Бас прокуратура мен жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюродағылар да екі жақтап тергейтін болды. Яғни, анықтаманы қолдан-қолға бергендер тек жұмыстан ғана қуылып тынбайды. Олар «құпияны ашу» және «қызметін асыра пайдалану» деген екі бап бойынша да жауап бермек.


Естеріңізге салсақ, Алматы тұрғыны Анна Димитриевич сыртынан бәз біреулердің мүлігі мен мекен-жайы туралы анықтама алғанын айтып, байбалам салған еді. Кейін анықталғандай, Халыққа қызмет көрсету орталығы инспекторы оларды банктерге қызмет көрсететін коммерциялық ұйым өкіліне алып берген.


Осы әрекеті үшін инпектор жұмысынан қуылғанымен, азаматтар жайлы анықтаманы заңсыз алдырған «Глобал капитал» компаниясының басшылары жұмған ауыздарын ашар емес. Мән-жайды түсіндірмек түгілі, тілшілерді табалдырығына да жолатпады. 


ktk.kz




Көрілген: 332    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 28.10.2017, 09:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28