Қылмыс

Алматыда караоке-бар қожайынын өлтірді деген бесінші күдікті ұсталды

  • Отбасы мұрағатынан алынған сурет

    Отбасы мұрағатынан алынған сурет

Алматыда караоке-бар қожайынын өлтірді деген бесінші күдікті ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер хабарлады.


"Осы іске ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша ("Бұзақылық") бес адам тартылды", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметіндегілер.


9 желтоқсанда Медеу аудандық прокуратурадағылар осы іс бойынша екі адамға қатысты қылмыстық істің қозғалғанын хабарлаған еді.


Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы орталығында караоке-бардың иесін белгісіз біреулердің өлтіріп кеткені хабарланған болатын.


"Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Л. және Н. есімді екі ер адам ұсталды. Олар уақытша ұстау абақтысына қамалды және жасаған қылмыстарын мойындап жатыр", - деп хабарлаған еді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Ал кейінірек өлтірілген бизнесменнің жесірі прокуратураға арыз жазған болатын.


"Қылмыстық істі ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігінен ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3,7,9 бөлітеріне ауыстыруын сұраймын. Яғни, "кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан" қылмысқа өзгертуін сұраймын. Сондай-ақ, осы төбелеске қатысты басқа да адамдардың (екі жігіт пен бір қыз) жауапкершілікке тартылуын талап етемін", - делінген еді Ләззат Нұрымованың прокуратураға жазған хатында.




 




Көрілген: 250    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 15.12.2017, 14:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31