Қылмыс

Алматыда қылмыстық топ құрған мұғалімдер мен әскерилер сотталды

  • © comms.com.ua

    © comms.com.ua

Алматыда қымбат көліктерді ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Бірінші арнаға" сілтеме жасап.


Тергеу мәліметтері бойынша, бес адамнан құралған топ автокөлік ұрлау үшін арнайы қондырғы сатып алып, қаланың әр аумағынан ең қымбат дегендерін айдап әкетіп отырған. Ұрланған көліктерді Қордайға жеткізіп, ары қарай Қырғызстан асырып отырған.


Осылайша, 4 айда олар он шақты көлікті қолды қылған. Соңғы рет жол талғамайтын көлікті ұрлап, сатпақ болған жерлерінде қолға түскен. Қазіргі кезде ұрланған көліктердің төртеуі ғана иелеріне қайтарылыпты.


Мемлекеттік айыптауы күдіктілергеалты жыл сегіз айға соттауды сұраған. Ал айыпкерлер кінәларын мойындағанымен, сотта тағылған айыппен толық келіспеді.


Сот үкімі бойынша, сотталкушылардың барлығы айыпты деп танылып, Медет Бахановқа 6 жыл сегіз ай, Бауыржан Құрымбаев, Әнуар Көпбосынов және Әділет Жылқыбаев 5 жылға және кепілмен босатылған Азамат Мақашев 1 жыл он айға бас бостандығынан айырылып, сот залында қамауға алынды.


Айта кетейік, қылмыстық топ құрамында бұрынғы педагогтар мен әскерилер бар.


 




Көрілген: 1146    Пікірлер: 0

сенбі, 28.04.2018, 13:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31