Қылмыс

Алматыда Лейла мен Виктор Храпуновтарға қатысты үкім шықты

  • Лейла мен Виктор Храпуновтар.

    Лейла мен Виктор Храпуновтар.

Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық сотта экс-әкім Виктор Храпунов пен оның әйелі Лейла Храпуноваға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.


"17 жылға бас бостандығынан айырылсын, сондай-ақ, мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылсын. Жазасын максималды қауіпсіздік мекемесінде өтесін", - деді судья.


Ал Лейла Храпуноваға сот 14 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Соттың шешімімен Храпунованың да мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.


Осы іс бойынша сот алдында Яков Заяц, Ғабиден Қайымсұлтанов, Айяр Ілиясов, Қуандық Бисқұлтанов, Абай Сапаров, Алтай Қасымов, Серік Есмұқанов, Айнакүл Садықбаева, Абылайхан Қарымсақов пен Абдул-Ғазиз Мұқашев келді.


Мемлекеттік айыптаушы Виктор Храпуновты 20 жылға, ал Лейланы 17 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Бұдан бөлек прокурор оларды мемлекеттік қызметте және қаржы ұйымдарында 7 жыл уақыт жұмыс істеу құқығынан, сондай-ақ, марапаттарынан айыруды сұраған болатын.


Еске салайық, Виктор Храпунов пен оның әйелі Лейла Храпуноваға қатысты Қазақстанда ұзын саны 24 қылмыстық іс қозғалып, қызмет бабын асыра пайдаланды, алаяқтық жолмен бюджет қаржысын жымқырды, заңсыз жекешелендіру жүргізді, заңсыз кірістерді заңдастырып алды, пара алды, ұйымдасқан қылмыстық топты құрды және оларға жетекшілік етті деген айып тағылған болатын.


2008 жылғы сәуірде ол қазір отбасымен тұрып жатқан Швейцарияға қоныс аударған болатын.


Ал 2012 жылы қазанда Виктор Храпуновтың әйелі - Лейлаға ірі көлемдіе алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған еді.

 




Көрілген: 268    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.10.2018, 18:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31