Қылмыс

Алматыда ломбард тонаған ер адам қолға түсті

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Жаңа жылда Алматыдағы ломбардтардың біріне қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Таңертеңгі 11-лер шамасында ер адам «Орбита» шағын ауданындағы ломбардқа басып кіріп, алтын бұйымдар мен макбук, ұялы телефонды ұрлап кеткен. Полиция күдіктіні ұстады.


«Бұл қылмысты жасады деген күдікпен 32 жастағы ер адам ұсталды. Жұмыссыз. Тергеу кезінде ломбардты тонауды бұрыннан жоспарлап жүргенін мойындаған. Бұған дейін де өзі алтын бұйымдарды өткізіп келген. Ол ұзақ уақыт бойы нысанды бақылаған. Қазір тоналған заттар ішінара қайтарылды. Күдікті ер адам уақытша оқшаулау орнына қамалды», - деді Бостандық аудандық ІІБ басшысы, полиция подполковнигі Жанболат Зиадин.


 




Көрілген: 305    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.01.2018, 11:16

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
28 Наурыз, 00:56
Медиация институты

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30