Қылмыс

Алматыда полиция қызметкерінің алаяқтығы әшкере болды

  • ©Tengrinews.kz

    ©Tengrinews.kz

Алматыдағы № 2 Жетісу аудандық сотында полиция қызметкеріне алаяқтық жасағаны үшін 4 329 000 теңге көлемінде айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жетісу аудандық сотының мәліметі бойынша, 2018 жылы ақпанда Алматы ІІД жергілікті полиция қызметінің жол полицейі зардап шегуші С-ның "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекс ережелерін дұрыс білмегенін асыра пайдаланып, оны әкімшілік жазаға тартпау және жүргізуші куәлігінен айырмау үшін 80 мың теңге пара алған.


Полицей "Алаяқтық" бабы бойынша сотталды.


Сот оны кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеусіз 1 800 АЕК мөлшерінде, яғни 4 329 000 теңге айыппұл салды. Енді ол өмірінің соңына дейін мемлекеттік қызметте жұмыс атқара алмайды.


Сонымен қатар, бұрынғы полиция қызметкері "полицияның аға сержанты" шенінен айырылды.




 




Көрілген: 261    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.08.2018, 15:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31