Қылмыс

Алматыда полициядан қашқан пәтер тонаушы бес көлікті қақты (фото)

  • © Foto: пресс-служба ДВД Алматы

    © Foto: пресс-служба ДВД Алматы

Алматыда пәтер тонаған күдікті полициядан қашамын деп, бес көлікті қағып кетті, деп хабарлайды қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.


Екі күдікті Түрксіб ауданы "Жас Қанат" шағын ауданында орналасқан үйлердің бірінен шыға бергенде, жедел қызметкерлер тобы алдарынан шыққан. Тонаушылар біреудің үйіне басып кіріп, ноутбук, ұялы телефон, алтын бұйымдар мен ақшалай қаражат ұрлапты.






Пәтер тонаушылар полицияға кезігіп қаламыз деп күтпеген көрінеді: біреуі бірден қолға түсіп қалса, екіншісі қаша жөнелген. Күдікті Lexus көлігіне мініп, ауладан қашып шықпақ болғанда, тұрақта тұрған бес көлікті қағып кетіпті.


"Қызметкерлеріміз соңынан қуған. Жылдамдықты асырып, жол ережесін өрескел бұзған қашқын Жангелдин көшесінде шағын жүк көлігіне соғылып, апатқа ұшырады. Осылайша, тонаушы полициядан қашып құтыла алмады", — деп мәлімет берді Алматы қаласы қылмыстық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиядин.


 


 




Көрілген: 562    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.11.2017, 14:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31