Қылмыс

Алматыда сәбилерін қатыгездікпен өлтіргендер жайлы жантүршігерлік мәліметтер шықты

  • Алматыда сәбилерін қатыгездікпен өлтіргендер жайлы жантүршігерлік мәліметтер шықты

    Алматыда сәбилерін қатыгездікпен өлтіргендер жайлы жантүршігерлік мәліметтер шықты


Алматыда бір жастан енді асқан егіз ұлды өлтіріп, тоңазытқышқа тығып кеткен Өзбекстан азаматы сәбилерді қалай өлтіргенін айтты. Ал, нәрестелердің анасы азаматтық некедегі күйеуінің қылмысын жасыру үшін онымен бірге балалардың денесін сөмкеге салып, пәтерден-пәтерге қашып жүрген деп хабарлайды КТК арнасы.


 

Алматыда сәбилерін қатыгездікпен өлтіргендер жайлы жантүршігерлік мәліметтер шықты

Қолы қанға малынған екеу жасы үштер шамасындағы үлкен ұлдарынан да көз жазып қалған. Оны көшеде жылап жүрген жерінен қала тұрғындары тауып алған. Бір ажалдан аман қалған балақай қазір дәрігерлердің бақылауында.


Қанды қылмыстың жай жапсарын полицейлер жіпке тізді. Бір жастан енді асқан егіз ұлды айуандықпен өлтірген 29 жастағы Өзбекстан азаматы кінәсін толық мойындапты. Жұмыстан келгенде жылап мазасын алғаны үшін екеуін де буындырып өлтірген екен.


Ал егіздердің анасы Алла Волченко бауыр еті балаларын өлтіріп жатқанда араша да түспеген. Тіпті азаматтық некедегі күйеуінің қылмысын жасыру үшін сәбилердің өлі денесін сөмкеге салып алып пәтерден-пәтерге қашып жүріпті.


"Екі азаматтың да тұрақты жұмыстары бар. Материалдық жағдайлары орташа. Сол балаларды баға алмайды деген болжам бірден жоққа шығарылды. Екеуі ішкілікке салынып балаларға қарамай қойған. Ер адамның айтуынша, балалардың мазасызданып жылай беруі олардың жүйкесін жұқартып кейін осындай қылмысқа бардым деп түсініктеме беріп отыр", - дейді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Ал балалардың ата-анасы арақтан әлі естерін жия алмай жатыр. Уақытша қамау абақтысында тергеліп жатқан олар қандай қылмыс жасағандарын әлі түсінбей отыр.


Алматылықтарды шошытқан қанды қылмысты әзірге көші-қон ережесін бұзып, елде заңсыз жүрген Өзбекстан азаматы жалғыз істедім деп бар кінәні мойнына алған болып отыр. Және ол Түркісіб ауданындағы пәтерді сәбилердің денесін жасыру үшін жалдағанын да айтқан.


Бірақ, егіздерді қай уақытта және қай жерде өлтіргендерін естеріне түсіре алмапты. Ал нәрестелердің анасы Алла Волченко арақтан әлі толық сауықпаған сияқты. Себебі екі бірдей сәбиі өліп, бір баласы жоғалған одан полицейлер ешқандай өкініш, қайғыру сезімін байқамадық дейді. Қылмыстары дәлелденсе бұл екі қаніпезер кемінде 20 жылға сотталуы мүмкін.







Көрілген: 298    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 13.09.2017, 21:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30