Қылмыс

Алматыда такси тонаумен айналысқандар ұсталды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Екі жас жігіт тоқтатқан таксидің ішіндегі жолаушыларды да, жүргізушіні де тонау арқылы оңай олжа тауып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Олар межелі жеріне жеткенше салондағы ұялы телефондар мен әмияндарды ұрлап отырған.


«Күдіктілер негізінен 200-300 теңге төлеп, аз қашықтыққа отыратын болған. Осы уақыт аралығында салондағы барлық мүлікті алып кетіп отырған. Кей күндері жұмысқа жалғыз шықса, екі күндері жұбымен шығып отырған. Ұрлаған заттарын ломбардқа өткізген, ал ақшаны өз мақсаттарына жұмсаған», - дейді Алмалы аудандық ІІБ басшысы Данияр Мендебаев.


Полиция ұрыларды арнайы операция арқылы ұстаған. Олардың бірі - 21 жастағы Алматы облысының тумасы болса, екіншісі - 19 жастағы Алматы тұрғыны.


«Үлкені бұрын да кісі мүлкін ұрлағаны үшін істі болған. Тек Алмалы ауданының өзінде осыған ұқсас 10 қылмыстық эпизодқа қатысы бар екені анықталды. Басқа да қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр», - деді подполковник Мендебаев.


 




Көрілген: 289    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.08.2018, 12:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31