Қылмыс

Алматыда тоңазытқыштан табылған егіздердің ата-анасына үкім шығарылды

  • CC0 / AJEL

    CC0 / AJEL

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында тоңазытқыштан табылған егіздердің ата-анасына қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


29 жастағы Өзбекстан азаматы Эмиль Гильмутдинов пен 34 жастағы Алла Волченко ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 1, 3, 7 тармақшаларында (Кісі өлтіру) және 119-бабында (Қауіпті жағдайда қалдыру) қарастырылған қылмысты жасады деп танылды.


Сот Гильмутдиновты 20 жылға бас бостандығынан айырды, ал Алла Волченко 18 жыл өмірін темір тордың ар жағында өткізеді. Екеуі де маскүнемдіктен емделеді.

Гильмутдинов сотта кінәсін толық мойындап, өкінетінін жеткізді, Алла Волченко үлкен ұлы – екі жасар Равильге қатысты ата-ана құқығынан айырмауды сұрады.


Сот үлкен ұлды әкімдік жанындағы қамқоршылық органдарына беруге қаулы етті.


Жақса толмаған егіздердің мәйіті қыркүйек айында жалдамалы пәтерлердің бірінде тоңазытқыштан табылған еді. Оларды балалардың анасымен бірге тұратын ер адам өлтірген болып шықты. Ер адам балалардың әкесі екенін мәлімдеді. Егіздердің ата-анасы олардың денесі табылғаннан кейін келесі күні ұсталды.


Әкесі сәбилерді ұйықтауға мұрша бермеген соң өлтірдім деп жауап берді.


 


 




Көрілген: 514    Пікірлер: 0

жұма, 22.12.2017, 18:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30