Қылмыс

Алматыда үш әйелді өлтірді деген күдікпен ер адам қамауға алынды

  • © Казинформ

    © Казинформ

Алматыда үш әйелді өлтіргені үшін айыпталған ер адам ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарында қарастырылған заңға қайшы әрекеттер жасағаны үшін айыпталушы азамат П.-ға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сот отырысы судья Бақытхан Бәкіровтың төрағалық етуімен Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында жабық түрде өтеді. Алдын ала тыңдалу күні әлі анықталған жоқ. Қазіргі уақытта айыпталушы қамауда.


2017 жылғы 7 желтоқсанда Алматы қаласының ІІБ Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері азамат П.-ны Алматы қаласының екі тұрғынын тұрмыстық жағдайда, алкоголь өнімдерін бірге ішу кезінде өлтіргені үшін күдікті ретінде ұстады. Полицияның мәліметінше, айыпталушы сондай-ақ 1994 жылы туған азамат К.-ны тонау мақсатында өлтіруге қатысы бар.


Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Алматыда құрбандарды қатыгездікпен ішкі мүшелерін кесіп өлтірген адамның төрт күн бойы іздестіріліп жатқаны туралы айтылған болатын.


«Құрбандардың ішкі органдарын кескені туралы ақпарат сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша расталған жоқ. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдарын жалған ақпарат таратпауға шақырамыз», - деді Алматы полициясының баспасөз қызметі.




 




Көрілген: 492    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.03.2018, 20:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31