Қылмыс

Алматыдағы стриптиз-клубта 22 бойжеткен интимдік қызмет көрсеткен (фото)

  • © Алматы ІІД баспасөз қызметі

    © Алматы ІІД баспасөз қызметі

Жеңгетайлықпен айналысқан стриптиз-клубтың иесі мен үш әкімші ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ІІД мамандарының мәлімдеуінше, клубтың қылмыстық әрекеттерін дәлелдеу үшін алматылық ҰҚКБ қызметкерлері бірқатар шұғыл және арнайы іс-шараларды қолға алған. "Мекеменің иесі мен әкімшілері күдікке ілінді, олар алдын ала келісіп, оңай олжа табу мақсатында клубқа келушілерге жеңіл жүрісті қыздарды ақшалай сыйақы негізінде ұсынып отырған. Бұл схема мұқият ойластырылған, әр фигуранттың рөлі тиісінше бөлінген. Мысалы, өздері атағандай, қызметкер қызбен бір түнді өткізуді олар 300 долларға бағалаған. Егер клиентке лайықты апартаменттер қажет болса, ақының көлемі де соншалықты өсіп отырған. Өткен түні күдіктілер қылмыс үстінде ұсталды. Біз барған кезде клубтағы "жұмыс орындарында" жеңіл жүрістегі 22 қыз болды, олардың үшеуі Ресейдікі, тағы екеуі Өзбекстандыкі", - деп хабарлады Алматы қаласы ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының басшысы Берік Әбілбеков.



Күдіктілердің әрекеті ҚР ҚК 309 бабы 2 бөлімі бойынша тергеледі - жеңгетайлық. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргіліп жатыр.




Суреттерді Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі жолдады.

 




Көрілген: 1014    Пікірлер: 0

сенбі, 30.12.2017, 21:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31