Қылмыс

Алматылық байларға "ерекше" қызмет ұсынған алаяқ әйел ұсталды

  • Алматылық байларға

    Алматылық байларға "ерекше" қызмет ұсынған алаяқ әйел ұсталды

 ШҚО-ның 1979 жылғы тумасы Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. А. Баширова есімді азаматша заң кеңсесін ашқан. Сосын оған азаматтық және қылмыстық құқық мәселелері бойынша жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар көмек алуға келетін болған. "Қаскөй әйел өз кеңсесінде құқықтық қызмет ұсынумен қатар, "заңсыз" қызметтер де ұсынған. Анықтап айтар болсақ, ол лауазымды тұлғаларға ақша беріп, клиенттерінің құқықтық мәселелерін шешіп берген. Ол өз клиенттеріне түрлі ведомствода қолғабыс ететін таныстарының барын айтып, белгілі бір сомаға мәселелерін шешіп беретінін айтып отырған. Бір қызығы, ол мұндай қызметін тек қалталы азаматтарға өзара сенім тұрғысында ұсыныпты. Оған сеніп қалған клиенттері құқықтық мәселелерін шешіп береді деп, оған аса ірі көлемде қаражат берген. Бұл қаражат тек доллармен есептелген және 6-20 мың доллар арасында болған. Осылайша қаскөй әйел алдап, сеніміне кіріп, азаматтардың шамамен 50 мың долларын алып қойған", - деп хабарлады Бостандық аудандық ІІБ бастығы Дәурен Өтебаев.




Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 1-пункті бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. "Қазіргі таңда Бостандық ауданы бойынша азаматша Баширова жасаған 7 қылмыс эпизоды анықталды. Осыған байланысты осы адамның әрекетінен зардап шеккендер болса мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз: 254-47-02; 254-47-59; 8-778-999-97-27 немесе 102", - дейді полицейлер.


Kaz.tengrinews.kz


 




Көрілген: 672    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.11.2017, 21:34

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
28 Наурыз, 00:56
Медиация институты

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30