Қылмыс

Алматылық жігіт жаңа танысқан қызбен жыныстық қатынасқа түскенін видеоға жазып алған

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Алматыда әлеуметтік желі арқылы танысып, кейін жыныстық қатынасқа түскен қызды интим-видеосын Желіге таратамын деп қорқытқан жігітке қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оқиға 2017 жылдың 10 желтоқсанында болған.


Соттың мәліметінше, ер адам "Друг Вокруг" сайты арқылы қызбен танысқан. Кейін олар жалдамалы үйде кездескен.


"Содан, олар сол жерде орналасқан бір жалдамалы пәтерге барып, келісім бойынша жыныстық қатынасқа түскен. Сағат шамасында жәбірленуші басқа бөлмеде жүрген кезінде, сотталушы пәтерден шығып, үйіне кетіп қалған. Содан кейін қыз әлеуметтік желісі арқылы соталушыға "сен қайдасын, неге кетіп қалдын" деп жазған. Осы кезде сотталушының ойына, қорқытып алу, яғни жәбірленушіні масқаралайтын мәліметтерді не жариялануы жәбірленушінің мүдделеріне елеулі зиян келтіру мүмкін өзге де мәліметтерді тарату қатерін төндіріп бөтеннің мүлкін немесе мүлікке құқықты беруді немесе мүліктік сипаттағы басқа да әрекеттер жасауды талап ету туралы қылмыстық ойы туындаған", - делінген соттың хабарламасында.


Сотталушы жәбірленушіге өзімен жыныстық қатынасқа түскенін бейнежазбаға түсіріп алғаны туралы айтып, бұл бейнежазба ғаламторға жарияланатыны туралы айтып, оны қорқытып, ақша талап еткен. Жәбірленуші оған сеніп, одан қорқып, бейнежазбаны ақшаға сатып алуға келіседі.


"Содан, жәбірленуші қорқып, бопсалаушының талаптарын орындау жөнінде Алматы қаласы Пушкин мен Мақатаев көшелерінің қиылысында орналасқан терминал арқылы сотталушының шотына ақша салып жіберген. Өз кезегінде соттталушы қаражатты шотынан шешіп алып, өз қажеттілігіне жұмсап жіберген. Осы қылмыстық іс әрекеттің салдарынан жәбірленушіге 50 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген. Сот кезінде айыпталушы өз кінәсін толығымен мойындап, істеген іс-әрекетіне өкінетіндігін көрсетіп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде берілген жауабын толық растаған. "Сотталушы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 194-бабының 1-бөлігімен ("Бопсалау") кінәлі деп танылсын, оған осы бап бойынша 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалсын", - деп оқыды судья үкімді.


Сондай-ақ, мамандандырылған органға хабарламай тұрғылықты тұратын жерін, жұмыс орнын өзгертпеу, өзі тұратын аудан аумағынан кетпеу, қоғамдық тәртіпті бұзбау туралы міндеттемелер қойды.


Алайда жәбірленушінің азаматтық талап-арызы қысқартылған.




 




Көрілген: 917    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.02.2018, 13:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31