Қылмыс

Алматылық жігіт жас қызды зорлықшыдан құтқарып қалды

  • Көрнекі фото:   © world.korupciya.com

    Көрнекі фото: © world.korupciya.com

Алматы тұрғыны түнгі уақытта зорлықшыға тап болған бойжеткенді құтқарып қалды деп хабарлайды NUR.KZ.


Николайдың айтуынша, 15 мамыр күні шамамен сағат түнгі тоғыздарда ол Сәтбаев-Розыбакиев көшесінің бойымен үйіне жұмысынан қайтып бара жатады.


Көлігімен аулаға кірген жігіт 70 метр қашықтықта түсініксіз жағдай болып жатқанын байқаған.


Жақындағанда қыздың айқайын естіп, зорлықшыны көрген азамат оған дереу көмекке жүгіреді.


"Мен оны жолға итеріп жіберіп, бетін асфальтқа ұрдым. Бойжеткен қатты айқайлап жатты", - деп есіне алды жігіт.


Зорлықшы қашып кетпек болғанымен, оның артынан екі шақырым бойы қуған Николай ер адамды қолға түсіреді. Содан кейін ол Бостандық АІІБ-не зорлықшыны алып барған.


Бойжеткен зорлықшының үстінен шағым түсіргенін ІІД растап отыр. "Зорлауға әрекеттену" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. 




Көрілген: 2630    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.05.2018, 16:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31