Қылмыс

Алматылық полицейлер көлік ұрлайтын оқушының қулығын әшкерелей алмай отыр

  • Алматылық полицейлер көлік ұрлайтын оқушының қулығын әшкерелей алмай отыр

    Алматылық полицейлер көлік ұрлайтын оқушының қулығын әшкерелей алмай отыр

Алматыда 15 жасар оқушы он бірінші көлігін ұрлап бара жатқан жерінен қолға түсті. Өңкей «Маздаларға» қырғидай тиген жеткіншек бесіктен белі шықпай жатып қылмыстың қыр-сырын меңгеріп алған, - деп хабарлайды КТК арнасы.

Көшеде кетіп бара жатқан көлік «Боран» патрульді полициясының назарына ілігіпті. Тоқтатайын десе, газды басып, тұра қашыпты. Бірақ, жол жиегіне соғылып, дөңгелегі жарылып, тұрып қалған. Сұрастыра келсе, осындай қылмысы үшін бұрын да бірнеше рет ұсталған болып шықты. Тіршілік нәпақасымен үй көрмейтін ата-анасы болса бала тәрбиесіне салақ екен. Ал полицейлер біреулер жеткіншекті қылмысқа әдейі итермелеуі мүмкін деп отыр.


Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД-нің ресми өкілі:


Алатау ауданы бойынша деректерді тексере салысымен, қасында бір ересек бала болуы мүмкін деген бір болжамымыз бар . Оны біз қатты тексеру үстіндеміз. Бұны біз анықтаймыз, жіті тексерудеміз. Қасында кім екенін әлі де айтып жатқан жоқ.


Автор: Ербол Тұрымбет


КТК арнасы




Көрілген: 843    Пікірлер: 0

жұма, 15.12.2017, 22:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30