Қылмыс

Алматыны дүрліктірген қанішер ұсталды – ол тағы бір адамды өлтіріп үлгерген

  • © AFP / ALAIN JOCARD

    © AFP / ALAIN JOCARD

Алматыда қауіпті қылмыскер ұсталды, ол үш әйелді өлтіргенін мойындады. Соңғысын қашып жүргенде жолықтырып қалған.


Алматы полицейлері бір апта бұрын Жетісу ауданында апалы-сіңлілі екі әйелді және кеше кездейсоқ өтіп бара жатқан қызды өлтірген "жан алғышты" ұстады. Ол қылмыс жасағанын бірден мойындаған.


Ақпаратты Алматы ІІД растады.


"7 желтоқсанға қараған түні Алматы қаласы ІІД Қылмыстық полиция басқармасының қызметкерлері қаланың екі тұрғынымен бірге спирттік ішімдік ішіп, тұрмыстық жанжал кезінде оларды өлтірді деген күдікпен П. есімді азамат ұсталды. Белгілі болғандай, 1994 жылы туған қызды да өлтірген болып шықты", — деп жазылған хабарламада.


Алдын ала мәлімет бойынша, соңғы қылмыс Райымбек даңғылы мен Бөкейхан көшесінің қиылысына жақын маңда кеше кешкі сағат тоғыз шамасында жасалған. Қылмыскер сол жерден өтіп бара жатқан қызды зорламақ болған.


Ол қызды қандай да бір себеппен зорлай алмаған. Қанішер шынының сынығымен оның тамағынан орып жіберген. Қыз сол жерде көз жұмады. Қылмыскер оның телефонын алып, қылмыс болған жерден кетіп қалған, содан соң "жедел жәрдем" мен полицияға қоңырау шалып, қанға бөгіп жатқан қызды көргенін, дәрігерлер өмірін арашалап қалуы мүмкін екенін айтқан. Қылмыс болған жер дәл айтылмағандықтан дәрігерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері оны кем дегенде 40 минут іздеген. Қыз табылған кезде ол қайтыс болып кеткені анықталды.


Полицейлер қылмыскерді қала шетінде орналасқан шағын аудандардың бірінен ізін суытпай ұстады.


Ұсталған адам бірден бір емес, үш қылмыс жасағанын мойындады. Жетісу ауданындағы жеке үйлердің бірінде 2 желтоқсанға қараған түні жантүршігерлік қылмыс жасалған болатын. Ол кезде апалы-сіңлілі әйелдерді белгісіз біреу бірнеше жерден пышақтап кеткен еді.


Бірнеше күн бұрын полицейлер 34 жастағы ер адамға іздеу жариялады.


Sputnik




 




Көрілген: 1379    Пікірлер: 1
Пікірлерді оқу (1) preloader

бейсенбі, 07.12.2017, 12:09

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
желтоқсан
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31