Қылмыс

Арақ ішіп келген әкесіне пышақ салған ұлға сот үкімі шықты

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қазалы ауданында арақ ішіп келген әкесіне баласы пышақ сұқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Қазалы аудандық сотының судьясы Дәурен Әбдіхалықовтың мәлімдеуінше, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 106-бабының 1-бөлігімен айыпталған күдіктіге қатысты қылмыстық іс қаралды.


«Қылмыстық іс 2018 жылы 11-ақпанда сағат 21:00-дер шамасында болған. Әкесі жәбірленуші үйіне арақ ішіп келеді. Оның мас күйін көрген баласы «сен неге іше бересің, арақты қашан қоясың» дейді. Жәбірленуші ашуға беріліп, баласын балағаттап, кеудесінен итеріп жібереді. Сотталушы еденге құлап, жанында тұрған дастархан үстіндегі асхана пышағын алып, әкесінің сол жақ жауырын асты тұсына тығады. Содан денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген», - дейді судья Д.Әбдіхалықов.


Іс бойынша күдікті кінәсін толық мойындады.


Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.


Үкім заңды күшіне енген жоқ.


 




Көрілген: 531    Пікірлер: 0

сенбі, 19.05.2018, 16:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30