Қылмыс

Астанада автоұры ұрлық үстінен түскен полицейге пышақ салған

  • © Взгляд-инфо

    © Взгляд-инфо

Астанада автоұры полицейге пышақ салған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оқиға 15 қыркүйекте болған. Шамамен сағат 01.00-де қаскөйлер астаналық тұрғынның ақ түсті ВАЗ (Lada) көлігін байқаған. Күдіктілердің бірі оқиға орнында ұсталды, алайда ол полицейге қарсылық көрсетіп, пышақ салып жіберген. Ал екінші күдікті көрші аулада ұсталған.


Астана қалалық ІІД өкілдері бұл деректі растады.


Құқық қорғау органдарының мәліметінше, криминалдық полиция қызметкері Нұрлан Тілеухан көлік маңынан екі ер адамы байқаған. Олардың көліктің ішіндегі заттарды ұрлап кетпек болғаны анықталған.


"Күдіктіні ұстау кезінде ол полицейге қарсылық көрсетіп, пышақ салды. Алайда, полицей алған жарақатына қарамастан, оның қолына кісен сала алды", - деп хабарлады ІІД өкілдері.


Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі терегу жүріп жатыр. Қарағанды облысының 18 жастағы тұрғынына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы бойынша тергеу жұріп жатыр. Күдіктілер изоляторға қамалды. Ал жарақат алған полицей амбулаторлық ем алып жатыр.

 




Көрілген: 341    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.09.2018, 21:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31