Қылмыс

Астанада балаарбадан әмиян ұрлаған қыз видеоға түсіп қалды (видео)

  • Видеодан алынған кадрлар

    Видеодан алынған кадрлар

Астана полицейлері сауда орталықтарының біріндегі бутикте әмиян ұрлады деген күдіктіні іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"26 желтоқсанда шамамен сағат 16.30-да "Есіл" аудандық Ішкі істер басқармасына жергілікті тұрғын белгісіз бір әйелдің балаарбада ілініп тұрған сөмкесінен қызыл түсті әмиянды ұрлап кеткенін хабарлады. Сөмкеде құжаттар мен ақшалар болған", - деп хабарлады полициядағылар.



Осы қылмысты жасады деген күдікпен 23-25 жастағы қыз іздестіріліп жатыр. Сары шашты, бойы шамамен 160-165 сантиметр.


Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді.


Астана қалалық ІІД видеоға түсіп қалған қыздың аты-жөнін анықтау үшін Ішкі істер басқармасына мына нөмірлер бойынша хабарласуды сұрайды: 71-64-90, 8-707-914-15-28, 8-707-790-26-06, 8-701-311-12-27 немесе 102.

 




Көрілген: 487    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.12.2017, 14:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31