Қылмыс

Астанада көліктің нөмірін шешіп алған полицейге 2 млн теңге айыппұл салынды

  • Көрнекі сурет.  ©Msk.kp.ru

    Көрнекі сурет. ©Msk.kp.ru

Астана қаласында қылмыстық іздестіру бөлімінің инспекторы пара алу мақсатында көліктің нөмірін шешіп алған. Сот оның бұл әрекетін заңсыз деп танып, үкім шығарды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


Бұл туралы Астана қалалық соттың баспасөз қызметі мәлім етті.


«Астана қаласындағы қылмыстық іздестіру бөлімінің инспекторы Ә. көліктің нөмірін шешіп алып, оны қайтару үшін ақша талап еткен. Алайда, жүргізуші ешқандай құқық бұзушылықсыз ақша талап еткен полицей туралы Астана қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасына арыз жазып, шағымданған. Астана қаласындағы №2 Алматы аудандық сотының үкімі бойынша инспектор Ә.-ға қатысты ҚР ҚК 366 бабы 2 бөлімімен қарастырылған құқық бұзушылық үшін оған 2 млн теңге көлемінде айыппұл салынды», - деп жазылған соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Сондай-ақ, бұрынғы полиция қызметкері енді өмір бойы құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.


Үкім заңды күшіне енген жоқ. 




Көрілген: 500    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 28.12.2017, 10:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31