Қылмыс

Атырауда судьялар күдіктіден мерзімін қысқарту үшін ақша талап еткен

  • Атырауда судьялар күдіктіден мерзімін қысқарту үшін ақша талап еткен

    Атырауда судьялар күдіктіден мерзімін қысқарту үшін ақша талап еткен

Атырауда мерзімді қысқарту үшін күдіктіден ақша талап еткен судьялардың ісі жоғарғы сотта қаралды. Бұл туралы NUR.KZ порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
 

Атырауда судьялар күдіктіден мерзімін қысқарту үшін ақша талап еткен

Пара. Көрнекі фото: avestnik.kz



Нұрбол Өтенов есімді азамат жергілікті судьяларға алданғанын айтып, шағым түсірген. Оның айтуынша, Атыраудағы әкімшілік сотының судьялары 20 мың долларға жаза мерзімін қысқартып беруге уәде еткен. Олар ақшадан бөлек баспана салып беруді де талап еткен көрінеді.


Нұрбол «адам ұрлау» бабымен жеті жылға бас бостандығынан айырылған. Дегенмен кәмелетке толмаған баласын жалғыз асырап отырғаны ескеріліп, үш жылы шартты жазаға ауыстырылады. Ал сол мерзімді мүлде жою үшін Нұрбол Атыраудағы әкімшілік соты судьяларына ақша береді.


Ол судья Ботагөз Хасеноваға жеті мың доллар беріп, туған ауылынан үй салып бергенін айтуда. Бірақ уәде орындалмапты.


"4 тамыз күні Астана қаласына бірге ұшып барып екеуіміз 7000 доллар ақшасын берген болатынмын. Ал, қалған ақшасына Исатай ауданы, Манаш ауылынан үй салдыртты. Оған 7000 доллар ақша кетті, менің сотталғанымды біледі. Маған ештеңе істей алмайсың деп осы күнге дейін айтып келе жатыр", - дейді Нұрбол.


КТК арнасы



Көрілген: 404    Пікірлер: 0

сенбі, 09.12.2017, 09:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31