Қылмыс

Атырауда түркиялық азаматты ерекше жолмен тонап кеткен қыз бен жігіт ұсталды

  • © pexels.com

    © pexels.com

Атырауда қарақшылық шабуылдың салдарынан Түркия азаматы пышақ жарақатын алды, - деп хабарлайды ATPress.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ведомство мәліметінше, оқиға 6 желтоқсанда "Привокзальный-5" ықшамауданындағы №27 үйдің кіреберісінде болған.


ІІД Жедел басқару орталығының қызметкерлері көшедегі қамераның жазбасынан аулада екі жігіттің өтіп бара жатқанын көрген. Ал үйдің кіреберісінде тағы бір адамның тұрғанын көруге болады. Осы ауданға қалалық полицияның №2 бөлімінің қызметкерлері жіберілген. Олар жігіт пен қызды ұстаған.


"1994 және 1988 жылғы күдіктілердің осыған дейін сотты болғаны анықталды. Олар Түркия азаматына шабуыл жасаған. Ол пышақ жарақатын алған. Сондай-ақ, күдіктілер Түркия азаматының әмиянынан 50 мың теңге мен паспортын алып кеткен", - деп хабарлады Атырау облыстық ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.


Полиция қызметкерлері қылмыс жасалған жердің аумағынан осы шабуылға қатысы бар деген күдікпен қыз бен жігітті ұстады.


ІІД баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, қыз Түркия азаматын алдап, үйдің кіреберісіне қарай кіргізген. Қазіргі уақытта қыз осы қылмысқа қатысы бар күдікті ретінде танылды, бірақ ол қолхатпен босатылды.


Ал бүгін, 7 желтоқсанда екінші күдікті ер адам ұсталды. Қазір екі ер адам қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі бойынша ("Қарақшылық") сотқа дейінгі тергеу басталды.


ІІД мәліметінше, Түркия азаматына ақшасы мен паспорт қайтарылды.


Тengrinews.kz

 




Көрілген: 443    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 07.12.2017, 15:01

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
желтоқсан
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31