Қылмыс

Атышулы «Əділ Қытай» ұйымдасқан қылмыстық топтың ісіне нүкте қойылды

  • © qazaquni.kz

    © qazaquni.kz

Бұдан былай топ серкесі Əділжан Зайнаудин 20 жылын темір тордың ар жағында өткізеді. Ал, қылмыстық жауапкершілікке барлығы 12 адам тартылған болатын.


Сот үкімі оқылғаннан кейін «Әділ Қытай» ұйымдасқан қылмыстық тобының тамырына балта шабылды деп айтуға да болатын шығар. Себебі, айыпқа тартылған 12 адамның барлығы дерлік жазаға тартылды. Бірақ, судья ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі Әділжан Зайнаудиннің ұлы Мехришат Зайнаудинді 1 жыл, 2 ай, 18 күнге бас бостандығын шектеп, сот залынан босатты.


Ал, Әділ Қытай лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Әділжан Зайнаудин 20 жылға сотталды. Оған тағылған айып ауыр. 2006 жылдан бері ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, адам ұрлады, заңсыз қару сақтады деген 10 бап бойынша кінәлі деп танылған. Енді қауіптілігі жоғары түзету мекемесінде жазасын өтейтін оның мүлкі де тәркіленеді.


Бақытхан Бәкірбаев, судья:


-Зайнаудинге 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сондай-ақ, қылмыстық топтың иігілігіне жаратқан мүліктері тәркіленсін. Және өмір бойына мемлекеттік қызмет атқаруы құқығынан айрылады.


Әділжан Зайнаудиннің нұсқауымен түрлі қылмыс жасады деп айыпталған өзге 10 адамға түрлі жаза кесілді. Оның ішінде тағы бір ұлы Бахтишат Арупов 6, Имаржан Кабиров 8 жылға сотталды. Қалғандары 3 жарым және 5 жарым жыл аралығында темір торға тоғытылды. Алайда, бұған дейін топ серкесі мен екі ұлы өздеріне тағылған айыпты мойындамаған болатын. іл Қытай» атымен белгілі қылмыс әлемінің мүшелері өткен жылдың мамыр айында тұтқындалған еді. Қылмыстық іс 153 томға жетіп, 500-ге жуық куәгер тартылған. Тіпті, олардың ісіне көз жұма қарап, қылмысын жасырып келген полиция полковнигі Бақыт Қасабеков те құрыққа ілініп, былтыр 5 жылға бас бостандығынан айырылды.


ktk.kz 




Көрілген: 457    Пікірлер: 0

жұма, 14.09.2018, 10:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30