Қылмыс

Әуезов ауданы әкімдігі жемқорлықтан ада ұрпақ тәрбиелеуге күш салуда

  • Әуезов ауданы әкімдігі жемқорлықтан ада ұрпақ тәрбиелеуге күш салуда

    Әуезов ауданы әкімдігі жемқорлықтан ада ұрпақ тәрбиелеуге күш салуда

 ҚР «Жемқорлыққа қарсы күрес» туралы Заңын жүзеге асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының Антикоррупциялық стратегиясының 2015-2017 жылдарға арналған шаралар жоспарына сәйкес, сонымен қатар көлеңкелі экономикамен күресу үшін 2015 жылдың сәуір айында Алматы қаласының Әуезов ауданы әкімдігінің аппараты басқа да мемлекеттік органдарымен және «Нұр Отан» партиясының филиалымен бірлесе отырып біршама іс-шараларды жүзеге асыра бастады.

Алтай Рахымбетов, Әуезов ауданының әкімі:

"Аудан әкімі қызметінің негізі бағыттарының бірі жемқорлыққа қарсы шаралар қолданып, оның салдарымен күресіп, алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру. Мемлекеттік қызметкерлердің білімін тереңдетіп, антикоррупциялық саясатты насихаттау, жемқорлыққа қарсы ұйымдастыру жұмыстарын ашық, жариялы түрде жүргізу де біздің басты міндеттеріміздің бірі. Тағы бір маңызды істеріміздің бірі аудан тұрғындарына жемқорлық туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, осылайша тұрғындардың антикоррупциялық мәдениетін қалыптастыруды мақсат етеміз.

Осындай шаралардың аясында Қазақстан Республикасының Жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңы егжей-тегжейлі талқыланады, сондай-ақ заң бұзушылықта қолданылатын жауапкершілік те түсіндіріледі. Мемлекеттік қызметкерлер жыл сайын декларация тапсырып отырады. Таяуда ғана Әуезов ауданының Ішкі істер басқармасы бөлімшесінің қызметі жайлы ашық жиналыс өтіп,онда заң қызметкерлерінің негізгі міндеті, қызметі халыққа түсіндірілді. Әсіресе жемқорлыққа құатысты заң бұзушылыққа ерекше назар аударылды".

Айта кету керек, 2017 жылға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бекіткен кешенді жоспары бойынша Әуезов ауданында «Оқулық», «Тәрбие», «Ғылым», «Байқау» секілді жобалар өткізілді. Аталған шаралар білім ордаларында, денсаулық саласында, студент жастар арасында белсенді түрде жүзеге асырылады. Мысалы, қоғамда антикоррупциялық мәдениетті қалыптастыур үшін Алматы заң колледжінде «Жемқорлықтың алдын алу және жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында семинар өтті, Алматы мемлекеттік құрылыс-техникалық колледжінде «Жемқорлыққа жол жоқ», Алматы политехникалық колледжінде «Сыбайлас жемқорлық-қоғамды жайлаған індет», «Жемқорлық індет, жою міндет» деген тақырыпта іс-шаралар ұйымдастырылды. Сондай-ақ таяуда жас ұрпақтың құқықтық санасын қалыптастыру мақсатында Алматыдағы көпсалалы колледжінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жемқорлықты алдын алу Басқармасының жетекшісі М.А.Аналинмен кездесу өтті. Сонымен қатар өскелең ұрпақтың рухани-патриоттық тәрбиесіне жіті назар аудару мақсатында ауданның барлық мектептері мен оқу орындарында «Адал Ұрпақ», «Парасатты азамат» секілді клубтар жұмыс істейді.


Бұдан бөлек ауданның денсаулық сақтау мекемелерінде де үнемі жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізіліп тұрады. Медициналық мекемелерге орнатылған мониторлардан мемлекеттік тілде жемқорлыққа қатысты роликтер көрсетіліп тұрады.

Әуезов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында Жемқорлықпен күреске шақыратын баннерлер орналастырылған. Мұнда «Жемқорлыққа қарсы күрес» Заңы және 2015-2017 жылдарға арналған ҚР Антикоррупциялық стратегия жоспары жазылған. Тұрғындар мен мемлекеттік мекемелерге жемқорлыққа күреске қатысты қазақ жіне орыс тілдерінде жызлған 2000 анкета, 500 ақпараттық парақша, 1000 күнтізбе таратылған.

Мемлекеттік қызметкерлердің адал қызметін ашық түрде көрсету мақсатында әкімдіктің сайтында сенім телефондары жұмыс істейді. Сондай-ақ Әуезов ауданы әкімдігінің жанынан «Мемлекеттік қызметкерлердің этикалық кодексі» атты журнал шығады.

Алматы қаласының Әуезов ауданы әкімі және орынбасарлары тұрғындарды қабылдау кестесіне орай қабылдау жүргізіп отырады. Әрбір тұрғынның мәселесі ескерусіз қалмайды.


Айнұр Нұрсабет




Көрілген: 613    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 20.10.2017, 08:36

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
3 Қараша, 19:11
Тінту тәртібі қандай?

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30