Қылмыс

"Аузымды басып, пәтерге күшпен кіргізді". Ақтөбеде зорлықшылардан қашқан әйел терезеден секіріп кетті

  • "Аузымды басып, пәтерге күшпен кіргізді". Ақтөбеде зорлықшылардан қашқан әйел терезеден секіріп кетті

Ақтөбеде өзін зорламақ болған екі адамнан қашуды ойлаған әйел екінші қабаттан секіріп кеткен, - деп хабарлайды "Актобе Таймс".


Таңғы уақытта корпоративті кештен қайтып келе жатқан 42 жастағы Ирина Шмидт жолын қысқартпақ болып, аула араларымен өте салуды ойлайды. Жолда отырған екі адамның бірі оны сөзбен тисіп, мазақ еткен. Ауыр сөзге шыдамаған екі баланың анасы, оған жауап қайтарған. Осы кезде ол орнынан тұрып, әйелдің басынан ауыр затпен соққы жасаған.


"Олар менің аузымды алақандарымен жауып, пәтерлеріне күшпен кіргізіп алды. Сосын қорқыта бастады: Біз сені зорлап, өлтіріп тастаймыз. Ешкім де сені іздемейді. Пәтерді жалға алғанбыз деді. Осы кезде бірдеңе етпесем, өлетінімді білдім. Олар өзара сөйлесіп жатқанда мен балконға жүгіріп шықтым. Ашық терезеден төмен секірдім. Бәрі бірнеше секундта ғана болды", - дейді ол.


Екінші қабаттан құлаған әйелді терезеден өзге адамдар көріп, жедел жәрдем шақырған. Иринаның омыртқасы төрт жерден сынған. Оған бес рет операция жасалды.


Құқық қорғау органдары бірнеше қылмыстық іс қозғады. "Олардың бірі бұрын сотталған екен. Екеуінің де отбасы бар. Кейін аттары Сапар мен Болат екенін білдім. Сапар ұсталған. Ал бұрын сотталған Болат қашып жүр", - дейді Ирина.


Тамызда ауруханадан шыққан әйел балаларымен бірге құрбысының үйінде тұрған. Ал қазанда ол ауруханаға қайта жату керек болды. 1 қарашада ауруханадан шыққан кезде құрбысы үйін босатуды сұраған.


"Кімге керекпін ақшасыз, үмітсіз адам? Балаларыммен қайда барам деп ойладым да, орындықта отырып жыладым. Есіме ауруханада бірге жатқан әжей есіме түсті. Ол мені өз қолына алды. Қатты ұяламын, еш табыс әкелмеймін. Бір тілім нанды да ұяла қабылдаймын. Ал бұрын сау, ешкімге тәуелді емес едім. Сол еркектердің қасынан не үшін өттім екен?", - деп жылайды әйел.



Журналистер Ирина Шмидтпен қала әкімдігінің алдында кездесті. Ол көмек сұрап келген екен.


"Қыс жақындады, қандай болсын көмек қажет. Күйеуім қайтыс болғанда туыстары үйді тартып алды, тіркеуден шығарып тастады. Енді мүгедектік туралы көмекке қағаздарды да жинай алмай жүрмін. Балаларымды алып алады деп қорқамын. Мен өйткені мүгедекпін, табысым да жоқ", - дейп налыды әйел.


kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 1110    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 11.11.2017, 21:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28