Қылмыс

Айыптауды естіген Тоқтар Төлешов сот залында күліп жіберді

  • Айыптауды естіген Тоқтар Төлешов сот залында күліп жіберді

    Айыптауды естіген Тоқтар Төлешов сот залында күліп жіберді

Айыптауды естіген Тоқтар Төлешов сот залында күліп жіберді, - деп хабарлайды Отырар телеарнасы. Төлешовтің ісі бойынша сот отырысы аяқталуға жақын. Бүгін Еңбекшіқазақ сотында тараптардың сөзжарысы өтті.


Бастапқыда мемлекеттік айыптаушы салық төлемеу салдарынан келген шығынды бір жарым миллиард теңге ретінде көрсеткен. Төлешов пен оның адвокаты бұл талап-арызбен келіспейтінін айтты. Кейін прокурор айыптау қорытындысын шығарды.


Төлешовке оннан аса қылмыс эпизоды бойынша айып тағылды: салықты жасыру, лауазымды тұлғаларды заңбұзушылыққа тарту және өзге де экономикалық әрі парақорлық қылмыстар. Айыптаушының сөзі бір жарым сағатқа созылды. Қорытындысында прокурор жаза шарасы туралы айтты: баптарды біріктіргенде мүлкін тәркілей отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру. Алайда Астананың Жоғарғы сотының бұған дейін шығарған 21 жыл бостандықтан айыру түріндегі үкімін есепке алғанда, жеңіл жазаның орнын ауыр жазамен ауыстырып, 21 жыл бостандықтан айыру жазасын қалдыру сұралды.



Прокурордың бұл сөзіне Төлешов мырс етіп, күлкісін жасыра алмаған.


Төлешовтің ісі бойынша тағы бір қалған фигурант - салықшы Қарақожаев Нұржанға қатысты прокурор айыпты деп танып, екі жылға бас бостандығынан айыруды, алайда жеңілдететін жағдайларды есепке ала отырып және рақымшылықты қолдану арқылы екі жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындауды сұрады.


kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 1329    Пікірлер: 0

жұма, 27.10.2017, 22:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30